"Бексұлтан Ясин: "ҚАЛАУЛЫМ" бағдарламасын Қазақстанға ең алғаш мен алып келдім. Қазақ қыздарының Қалаулымға келуіне, осыншалықты өрбіп кететініне таң қалдым! " Кешегі күн. Нөсерлетіп Гүлнар екеуміз Кенжехан-2 базарына баруға шықтық жатақханадан. Ертеңгі Руда Зəйкенова апайдың кешінде он қыз болып өлең оқимыз. Сахнаға сай киім алу үшін бара жатқан бетіміз.  Өзі төртінші рет бара жатырмын. "Аяқтан су өтпесін" деп жылдам көлік тоқтата бастадым. Біреуі тоқтап,  алты жүзге сонау алыс жаққа келісіп отырғызып алды. Арнайы таксист емес екені көрініп тұр. Қоңырауға түрікше де,  ағылшын тілінде де ал бізге қазақша сайрап отыр. "Қайдан боласыңдар? " деп сұрап алды дə,  өз сұрағына өзі жауап берді.  Гүлнарға "Тараздансың! ",  маған "Шымкенттен екенің көрініп тұр" деді. Гүлнар аң-таң.  Сол сәтте Жолдас ағаға хабарласып,  жөнімді айтқанмын.  Ол кісі "Не деген Қазақылық!  Керемет сөйлестіңдер." деп жатыр.  Сонымен ол кісінің өзі қайдан екенін,  кім екенін сұрадым.  Есімі - Бексұлтан Ясин.  Түркиядағы қазақ қандасымыз екен.  Жасы отыз беске жетпейді - ау.  Жөн сұрасып келе жатырмыз. Мамандығымды сұрады. "Əə,  дұрыс" деді де,  "Телевизия демекші "ҚАЛАУЛЫМ" бағдарламасын Қазақстанға ең алғаш мен алып келдім. Қазақ қыздарының Қалаулымға келуіне, осыншалықты өрбіп кететініне таң қалдым. Бұл бағдарлама бұлай таралып,  қаралым жағынан да бұндай рейтинг жинайды деп ойламадым. Қатысушыларды кастинг жасап бір-біріне тура келетін адамдарды таңдап алдық. Бұл бағдарлама ағылшындардан түріктерге келді.  Түріктерден қазақтарға келді.  Қатысушылар 150 000 дай  көлемінде қаражат алады. Қазір істі жүргізу үшін Түркістандағы МГТУ ды бітірген қазақша - түрікше сауатты қызды басшылыққа алдық. Енді Қарағандыда бір қыз бар дейді. Соны аламыз ба білмеймін. Бізге ағылшын-түрік тілдерінде еркін сөйлейтін қыз керек.  " деді. Мен бұл кісінің бойынан бірде-бір ұлтқа деген ұлағат,  тарихқа деген тағзым көре алмадым. Онымен айқайласып та рахат таппасымды білдім және өз қалауымнан тыс 1, 8% қандастарымызға деген кері көзқарас пайда болды. Бензин төгіп кеткен сары даланы бір шимен өртеп жіберіп,  мысқылдап тұрған адамдай көрінді. Онсызда біздің мемлекетте пəлен жігіттің басына түген қыз деп шіреніп,  біреуін алуға шамасы жетпей жүрген жігіттердің құм секілді намысын 150 000 мыңға сатып алды да салды.  Басқа не дейін...? Тарихқа үңілетін жастар жоқ. "Сырға салу,  қыз айттыру" деген дəстүрлеріміз қайда қалды..?  Еврейлердің жан-жақты жүргізіп жатқан мысықи саясатын тың жаңалық етіп қабылдайтындай не көрінді..? "Пах, Шіркін! " деп қуанатын жаңалықтың болмай кеткені-ай!  Бастады 91 тобынан сырғаланып,  бір Алматының өзінде көше толы гейклуб, Төле бидей қадірі болған теледидарымызда ғибрат аларлық емес,  елді азғындатып,  экран мәдениетін төмендетіп, байы бар боянғанның бəрі жүргізуші. Ажырасқаның "Алматыда жоқ, жоқ.  Астанада жоқ,  жоқ.  Сені іздедім.  Үмітті үзбедім" деп,  үш жасар қызға дейін бай іздетіп қойды. Əй сорлы əншілер - ау! Қыздың қала аралап,  өзінің теңін іздегенін,  теңін тапқанын қайдан көрдіңіздер??? Əннің де естісі бар емес пе?  Сол өлеңді Қайнар Алагөзовтың өзі айтса бір жөн.  Онда баяғы серіден қалған сарқыт дер едік.  Атың шықпаса жер өртені тиек етіп,  не болса соны жаза беру адамшылық па?  Мына Қалаулым бағдарламасының сценарийі алдын ала құрылған.  Бейшара қазақтар дінсіз ағылшынның, сасыған түріктің бағдарламалар желісімен жүргізіп отыр. 18, 19 жасар қыз бай іздегені, өтірік сөз салулар,  ақша үшін шаш алу, келген үміткердің əйелі яки күйеуі артынан келуі,  сойқан айқас,  "Ырбаңдама... " деген іспетті сөздердің ел алдында айтылуы,  итті итке сыйға тартып жатқаны бəрі олар үшін қалыпты,  арнайы жоспар. Соны қазіргі иманы  көпір мен судың ортасында тұрған жастар еріп,  телміріп көріп жатыр.  Ал,  өтірік екенін айттық.  Өтірікке  шынша  сеніп,  шындықты өз қалауымызға  қарай ыңғайластырып алатын күн туды. Жанашырын жат көріп, даладан  келгенді  дана көріп,  өздерінше  эуропалық стиль  қалыптасуы керек дейді. Ең біріншіден Эуропалықтардың діні біздің ата дінмен екі қайнатса сорпасы  қосылмайтыны бесенеден белгілі ақиқат қой.  Иманы  берік,  əр қызды ардақтаған,  жігітті аға көрген ата-бабамыздың сара жолына осылай тезек  төгеміз бе??? Айрандай ұйып  бара жатқанымыз шамалы,  жығылғанға жұдырық қылып осылай жалған шоудың  шашбауын көтеріп жүре беріп жарға  түсіп кеткенімізді білмей қалмаймыз  ба? Айналайын Аша Матай əпше,  сіздің өнерге деген құрметіңіз осы ма?   Арман екеуіңіздің  əр клипке  түскендеріңіз тұра тұрсын.  Ол өз  шаңырақтарыңызға құйып жатқан инвестиция деп ақталарыңыз тағы бар!  Соншалықты майдаланатындай не күн туды.  У-шу,  ырду-дырду, шаш жұлу,  тебу...  Осындай бағдарламаны жүргізуді жүйелі мақсат етіп пе едіңіз?  Сіздің арманыңыз осы ма еді? Бұл бағдарлама отырған қыздардың санын одан сайын көбейтуге тікелей септігін тигізетін болды.  Көп алдына шығып,  пияр  ойнатқан қыздарға енді кім үйленбек? Бір жылдық миссиясын орындап шын жұптарды  əкеліп үйлендіріп,бұл бағдарлама отырған қыздардың санын одан сайын көбейтуге тікелей септігін тигізетін болды.  Көп алдына шығып,  пияр  ойнатқан қыздарға енді кім үйленбек? Бір жылдық миссиясын орындап шын жұптарды  əкеліп үйлендіріп,  халыққа көз қылып мақтанасыңдар. Барғанның  бəрі  бағын тауып,  шекесі  майланса  көзілдірігімді сындырып тастайтын едім. Елдің бойдақтарына шын жан ашитын  болса,  неге отыздан асқандар ғана қатысады деп шектеу қоймадыңыздар? Бұл жазбаны құлақсымақтарыңыз бір күні оқып берер.  Еуразия арнасының басшылығы да көрер.  Сайраңдай  тұрыңдар!  Тайраңдай тұрыңдар!  Алла маған бос кеуде,  қуыс жүрек берген жоқ.  Ұлтын сүйетін,  өткенін бағалайтын жүрек берді.  Осылай ҚАЗАҚТЫҒЫМА мақтанып өмір сүремін де...  Алла бəрін көріп тұр. Жігіттерім жігерсіз болып бара жатса,  əділет жолында өзім бөрік  киемін. Қазақтың салт-дəстүрін  жақтырмайтын қазақтар болса,  елді жерді босатып, сол Англиясымен, Түркиясына барып өмір сүрсін.  Қалаулымға Алланың қалауынан күдер  үзгендер,  барып отыр деп ойлаймын.  Сол жастардың ата аналары ауылда отырған болар.  "Біз оқымадық, ұл-қызым оқысын.  Білім алсын.  Адам болсын. " деген үмітпен жыртық  жейде,  жамау  шұлық  киіп  өмір сүріп жатқан болар.  Есесіне олар намысын нанға  сатқан жоқ.  Рас қой.  Мойындаңыздаршы. Қазір ата аналар   өздеріне киім алмай,  ұл-қыздарынан  қалғанын киеді.  Өзі жемей  осы Алматыға автобустатып салып жатыр.  Ал біз неге сол үмітті ақтай алмаймыз???  Ата анасын сыйлаған адам елін де,  жерін де, дəстүрін де,  тарихын да өле-өлгенше сыйлауы  керек қой. Сəл ғана терлеп еңбек етсек,  кәсіп қылсақ,  Алла күндік нəпақамызды береді ғой! Ғайбатты жерде ақша тауып,  ғибратлі өмір сүреміз  деп ойлайсыздар ма???  Сол алтын уақытты неге жақсы істерге сарып  етпеске? Жақсы ортада жүрсең ғана жақсы жар кездесетінін,  жақсы жар болсаң ғана саналы ұрпақ туатынын білуге Қалаулым қандай септік тигізіп жатыр?  Шын намыстанып кеттім.  Ұяламын.  Арланамын. Осы Отанды сағынып өткен Айбергеновтың  сексен жылдығына,  тәуелсіздікті армандап,  жан кешкен Алаш арыстарының жүз жылдығына деген құрметтеріңіз осы ма?  Жыл өткен сайын,  күн өткен сайын,  Абай атаның əр сөзіне жете мен беріп жатқандаймын. Сол кезде біздің еріккендерге ермелігімізді, жақсылыққа келгенде керітартпа екенімізден  күніне жүз рет өлген екен-ау!!! Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек. Аспаса ақыл қайраттан, Тереңге бармас, үстірттер. Қартыңның ойы шар тартқан Әдеті жеңіп күңгірттер. Тән сүйгенін бермесе, Жан шыдамас жаны ашып. Бере берсең бер десе, Үміт етер таласып. Малда да бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса. Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса? Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң Қайда барып оңайын?! © Абай Құнанбайұлы. Əр нəрсенің басы мен аяғы болады. Соңынан суға түскен мысықтай болып жүрсеңіздер ше? Əй ондай намыс бар ма екен... Тек Лұт тайпасының халіне жетуден Елімді Алла сақтасын!!! Бексұлтан Ясиннің өзі "Газеттің бірінші бетіне жамандап жазсаң да ризамын. Атым шықса болды" деді. Ал бұл жамандау ма, шындық па? Əркім өз өресінше түсінеді. Тек арты қалай боларын ойланайық, оянайық ҚАЗАҚТАР!!! «Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді». (Зарият, 55) Дайындаған: Балжан Ақылбек

Теги:

Теги других блогов: